4 сағат бұрын
Шавкат Рахмонов ұзақ уақыттық үзілістен кейін Бакудегі турнирге қатысады
Фото:UFC
Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов 27 маусымда Бакуде өтетін турнирге қатысады. Алайда бұл жолы ол жекпе-жек өткізбейді.
Рахмонов отандасы Асу Алмабаевтың секунданты ретінде барады.
Бұл туралы оның бапкері Эдуард Базров мәлімдеді. Оның айтуынша, команда жоспарға сай дайындалып жатыр және Шавкаттың турнирге баратыны нақты шешілген.
Сондай-ақ жаттықтырушы Асу Алмабаевтың қарсыласы Чарльз Джонсонның басты артықшылықтары ретінде төзімділігі мен аяқпен жақсы жұмыс істейтінін атап өтті.
Қазір қазақстандық файтер дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр.
Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC турнирінде америкалық Чарльз Джонсонмен өзара мықтыны анықтайды. Ал Бакудегі жекпе-жек кешінде тағы бір қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан бразилиялық Жан Мацумотомен күш сынасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан