4 сағат бұрын
UFC Баку: Қазақстандық екі файтердің жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалаңыз
Бүгін, 27 маусым күні, Баку қаласында UFC Fight Night турнирі өтеді. Кеш аясында Қазақстан атынан екі файтер октагонға шығады.
Алдын ала кардтың екінші жекпе-жегінде Бекзат Алмахан (12-3) бразилиялық Жан Мацумотомен (17-2) кездеседі. Жекпе-жектің басталуы шамамен Астана уақытымен 18:25-ке жоспарланған.
Ал негізгі кардта қазақстандық Асу Алмабаев (23-3) америкалық Чарльз Джонсонмен (19-8) күш сынасады. Бұл кездесу шамамен 22:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін UFC Бакудегі басты назар дәл осы екі жекпе-жекке аумақ. Бекзат Алмахан UFC-дегі кезекті жеңісіне қол жеткізуді көздесе, Асу Алмабаев жеңіл салмақтағы рейтингтегі орнын жақсартуға мүмкіндік алады.
Бакудегі UFC Fight Night турнирі қазақстандық аралас жекпе-жек жанкүйерлері үшін ерекше кеш болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан