Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

30.06.2026

Генри Сехудо Асу Алмабаевтың келесі қарсыласын атады

Генри Сехудо Асу Алмабаевтың келесі қарсыласын атады

UFC аңызы әрі Олимпиада чемпионы Генри Сехудо қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың Чарльз Джонсонды жеңген жекпе-жегіне жоғары баға беріп, оның келесі қарсыласы кім болуы керектігін айтты.

Алмабаев 27 маусымда Бакуде өткен UFC турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта сирек кездесетін «Сулоев созуы» әдісімен жеңіп, мерзімінен бұрын айқасты аяқтаған еді.

Сехудоның айтуынша, бұл – MMA тарихындағы ең сирек сабмишендердің бірі. Осы әдіспен UFC тарихында небәрі төрт спортшы ғана жеңіске жеткен.

«Мені ең қатты таңғалдырғаны – Асуның жекпе-жекті қалай жүргізгені. Ол басынан бастап қарсыласынан бір қадам алда болды. Ал мүмкіндік туған сәтте айқасты бірден аяқтады. Бұл жеңіспен ол чемпиондық жарысқа маңызды қадам жасады», – деді Сехудо.

Ол Алмабаевтың чемпиондық жекпе-жекке дейін тағы бір кездесу өткізуі қажет деп есептейді.

«Оған Тацуро Тайрамен жекпе-жек беріңіздер. Осы кездесудің жеңімпазы титул үшін айқасуға толық лайық болады», – деді UFC аңызы.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дегі соңғы жекпе-жегінде Чарльз Джонсонды жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белдікке басты үміткерлердің бірі ретінде атала бастады.





Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан