30.06.2026
Асу Алмабаев: Салмағымды дұрыс реттеуім керек
UFC ұйымының ең жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев алдағы жекпе-жектерде қай тұстарын жетілдіру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Асу Алмабаевтың айтуынша, жекпе-жек барысында өзінің әлсіз тұстарын анық байқаған.
«Жекпе-жек кезінде өзіме не жетіспейтінін түсіндім. Ең алдымен салмағымды дұрыс реттеуім керек. Кейде октагонға салмағым аздау болып шығамын. Соның салдарынан қарсыласты бақылауда ұстау қиынға соғады. Бұл бағытта әлі де жұмыс істеу қажет. Бірақ салмақты тым көбейтіп жіберсең, кейін оны қайта түсіру оңай емес. Өзім білетін көптеген маңызды жайттар бар. Солардың бәрін ескеріп, кемшіліктерімді түзетуге және шеберлігімді арттыруға күш саламын. Егер өзіме ұнаған жаңа әдіс-тәсілдер болса, оларды да арсеналыма енгіземін», – деді Асу Алмабаев.
Айта кетейік, 27 маусым күні Әзербайжанның Баку қаласында өткен UFC турнирінде Асу америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта қылқындыру әдісімен (сабмишен) мерзімінен бұрын жеңді. Бұл жеңіс қазақстандық спортшының UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесі рейтингінде алтыншы орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан