02.07.2026
Саламат Исбұлаев қарсыласынан он есе аз сыйақы алды
Қазақстандық ММА файтері Саламат Исбұлаев АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен PFL турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Эй Джей Маккиге қарсы шығып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілді.
Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясының мәліметіне сәйкес, Эй Джей Макки бұл жекпе-жек үшін 100 мың доллар кепілдендірілген сыйақы алған. Ал Саламат Исбұлаев октагонға шыққаны үшін небәрі 10 мың доллар иеленді. Егер қазақстандық спортшы жеңіске жеткенде, қосымша 10 мың доллар бонус алар еді.
Айта кетейік, бұл жеңіліс Саламат Исбұлаевтың кәсіби мансабындағы алғашқы сәтсіздігі болды. Қазір оның PFL-дегі көрсеткіші – бір жеңіс және бір жеңіліс.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан