Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.07.2026

Бапкер Бекзат Алмаханның жарақатпен айқасқанын айтты

Бапкер Бекзат Алмаханның жарақатпен айқасқанын айтты

UFC Fight Night турнирінде бразилиялық Жан Мацумотодан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілген Бекзат Алмаханның жарақатпен жекпе-жекке шыққаны белгілі болды.

SAQ Pro Team командасының бас бапкері Дәулет Нұрланұлының айтуынша, Алмахан жекпе-жекті сәтті бастап, алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға жібергенімен, мерзімінен бұрын жеңіске жете алмаған.

«Бекзат бірінші раундты өте жақсы бастады. Күткендей қарсыласын нокдаунға түсірді, бірақ айқасты уақытынан бұрын аяқтай алмады. Естуімше, жекпе-жекке бір ай қалғанда оның қабырғасы жарақат алған. Бұл да өз әсерін тигізген болуы мүмкін», – деді Дәулет Нұрланұлы.

Маманның сөзінше, салмақ қуу кезіндегі қиындықтар мен команданың Бакуге кеш баруы да нәтиженің өзгеруіне ықпал еткен.

«Салмақ қуу барысында мәселелер болды. Оның әсері байқалды. Сонымен қатар, Бекзат Бакуге кешірек келді. Ал Асу турнирге екі апта бұрын барып, сол жерде еркін дайындалды. Осындай ұсақ көрінетін дүниелердің өзі жекпе-жек барысында үлкен рөл ойнайды», – деді бапкер.

Ол кездесудің өте тартысты өткенін айтып, алғашқы раундтың сөзсіз Алмаханның еншісінде болғанын жеткізді.

«Бекзат бұл жекпе-жекте анық жеңілді деу қиын. Бірінші раунд – толықтай оның пайдасына өтті. Үшінші раундта бәрін ұсақ сәттер шешті. Меніңше, төрешілер Мацумотоның үнемі алға ұмтылып, белсенділік танытқанын ескеріп, жеңісті соған берді», – деп түйіндеді Дәулет Нұрланұлы.

Еске салайық, Бекзат Алмахан UFC Fight Night турнирінде бразилиялық Жан Мацумотодан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліп қалған болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан