4 күн бұрын
Брандао: UFC Қазақстанға келсе, үлкен мүмкіндік болады
UFC-дің бұрынғы жауынгері Диего Брандао Қазақстанда әлемдегі ең ірі ММА ұйымының турнирін өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
Бразилиялық спортшының айтуынша, UFC-дің Қазақстанға келуі жергілікті файтерлер үшін өз мүмкіндігін көрсетуге үлкен мүмкіндік болар еді. Сонымен бірге ол әзіл-шыны аралас мәлімдеме жасап:
«Меніңше, UFC бұл жаққа келуі керек. Бұл жігіттер үшін өздерін көрсетуге тамаша мүмкіндік. Бірақ UFC, егер келсеңдер, маған хабарласпаңдар – абай болыңдар. Мен барлық гангстерлерімді шақырып, сендердің жандарыңды қоямын! Рақмет!», – деді Брандао.
Айта кетейік, UFC турнирін Қазақстанда өткізу мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, келіссөздер шешуші кезеңге жеткенімен, жоба уақытша тоқтатылған. Дегенмен, алғашқы UFC турнирі Қазақстанда 2027 жылы өтуі мүмкін деген болжам бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан