3 күн бұрын
Ақмолдинов: Тоқтар енді кез келген қарсыласқа қауіпті
Тәжірибелі қазақстандық бокс бапкері Мирамғали Ақмолдинов Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде Еркебұлан Тоқтардың ресейлік Артем Тарасовты бірінші раундта нокаутпен жеңуіне пікір білдірді.
Маманның айтуынша, жекпе-жектің ерте аяқталуы Тарасовтың әлсіздігін білдірмейді.
«Тарасов – тәжірибелі спортшы, жақсы базасы бар. Ол жеңілу үшін шыққан жоқ, өз жұмысын дұрыс атқарды. Бірақ Еркебұлан бұл кездесуде мінсіз бабында болды. Оның техникалық деңгейі айтарлықтай өскен. Ендігі қадамы – ұйым чемпиондық белбеуіне жақындау. Барлығы өзіне және жоспарларына байланысты. Қазір Тоқтар кез келген қарсылас үшін қауіпті файтерге айналды», – деді Ақмолдинов.
Еске салайық, жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді. Алайда Еркебұлан Тоқтар бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан