4 сағат бұрын
Конор Макгрегор Рахмоновпен кездесу үшін басты шартын атады
Ирландиялық UFC жұлдызы Конор Макгрегор қазақстандық Шавкат Рахмоновпен болуы мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді.
UFC 329 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында журналистер Макгрегордан Рахмонов туралы сұрады. Бұған дейін Шавкат Конордың отандасы Иэн Гэрриді жеңген еді.
«Оның ауыр жарақат алғанын білемін. Қазір оған ұзақ уақыт қалпына келу қажет. Ол маған не ұсына алады? Мен бұл жекпе-жекті ойлауым үшін алдымен чемпиондық белбеуді жеңіп алуы керек. Қазір ол оған әлі жақын емес», – деді Макгрегор.
Еске салсақ, Конор Макгрегор 12 шілде күні UFC 329 турнирінде бес жылдық үзілістен кейін октагонға оралады. Ол жартылай орта салмақта америкалық Макс Холлоуэйге қарсы жұдырықтасады. Ал Шавкат Рахмонов тізе жарақатынан кейінгі оңалту кезеңін жалғастырып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан