12.07.2026
Конор Макгрегор: «Бұл нағыз тозақ болды»
Ирландиялық UFC жұлдызы Конор Макгрегор UFC 329 турнирінде америкалық Макс Холлоуэйден жеңілгеннен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.
Макгрегордың айтуынша, жекпе-жек барысында алған жарақаты күтпеген жерден орын алған.
«Бір сәтке басым жасамай қалды, Құдды бір жасамай қалған машинаның маторындай. Барлығы құрдымға кетті. Жекпе-жекке дейін ешқандай жарақатым болған жоқ. Жаттығу жиыны барысында да, жекпе-жек алдында да аяқпен еркін соққы жасап жүрдім. Мұның бәрі аяқ астынан болды. Қазір күйзелістемін. Мұны тек тозақпен ғана салыстыра аламын», – деп жазды Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, UFC 329 турнирінің басты жекпе-жегінде өткен қарымта кездесуде Макс Холлоуэй қарсыласының ауыр аяқ жарақатына байланысты екінші минуттың басында техникалық жеңіске жетті.
Бұл Конор Макгрегор үшін 2021 жылдың шілдесінен бергі алғашқы жекпе-жек болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан