14.07.2026
Асу Алмабаев UFC-дің үздік бестігіне енді
Қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Асу Алмабаев UFC ұйымының жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарылап, бесінші орынға көтерілді.
Бұған дейін Бакуде өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды жеңген Алмабаев енді рейтингте жапониялық Киоджи Хоригучиден озып шықты. Хоригучи алтыншы орынға сырғыды.
Жаңартылған рейтингтің алғашқы алтылығы төмендегідей:
- Алешандре Пантожа
- Манель Капе
- Брэндон Ройвал
- Тацуро Таира
- Асу Алмабаев
- Киоджи Хоригучи
Аталған салмақ дәрежесінің қазіргі чемпионы – америкалық Джошуа Ван.
Айта кетейік, UFC 329 турнирінен кейін рейтингтің үшінші нөмірі Брэндон Ройвал әлеуметтік желіде Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырған болатын. Қазақстандық файтер бұл ұсынысты қабылдап, қарсыласқа жедел жауап берді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан