Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

14.07.2026

IBA Биволға үшінші жекпе-жек үшін екі есе көп гонорар ұсынды

IBA Биволға үшінші жекпе-жек үшін екі есе көп гонорар ұсынды

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Биволға Артур Бетербиевпен өтетін үшінші жекпе-жек үшін бұрынғы екі кездесумен салыстырғанда екі есе жоғары гонорар ұсынылғанын мәлімдеді.

«Биволға үшінші жекпе-жекке жасаған ұсынысымыз алғашқы екі кездесідегіден әлдеқайда жоғары. Нақтырақ айтсақ, оған бұрынғы айқастардағыдан екі есе көп сыйақы ұсынылды. Ал Бетербиев бұл жекпе-жек өтсе болды, тіпті тегін жұдырықтасуға да дайын», – деді Кремлев.

Еске салайық, Бивол мен Бетербиев арасындағы алғашқы кездесу 2024 жылғы 12 қазанда Эр-Риядта өтіп, төрешілердің көпшілік шешімімен Бетербиев жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанған болатын.

Ал 2025 жылғы 22 ақпанда өткен қарымта кездесуде Бивол дәл сондай көпшілік шешімімен жеңіске жетіп, чемпиондық белбеулерін қайтарып алды. Осылайша, олардың жеке текетіресіндегі есеп 1:1 болды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан