15.07.2026
Naiza жеңіл салмақ чемпионы алғашқы қорғау жекпе-жегіне шығады
Naiza лигасының жеңіл салмақтағы чемпионы Жансерік Жақсығұлұлы алғашқы рет чемпиондық белбеуін қорғайды.
Қазақстандық файтердің қарсыласы ресейлік Мири Садыгов болады. Чемпиондық кездесу 19 қыркүйекте Алматыда өтеді.
Лига мәліметінше, Жақсығұлұлы (10-6) алғаш рет титулын қорғаса, Садыгов (11-6) басты үміткерді нокаутқа жіберіп, чемпиондық жекпе-жекке жолдама алған.
Айта кетейік, Жансерік Жақсығұлұлы 2 мамырда Алматыда өткен Naiza 82 турнирінде бразилиялық Майке Линьяресті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионы атанған.
Ал Мири Садыгов сол турнирде қосалқы спортшы ретінде кардқа қосылып, басты үміткер Наби Ашурлаевты бірінші раундта нокаутпен жеңіп, көпшілікті таңғалдырған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан