17.07.2026
ACA 205 турнирінде жеті қазақстандық файтер октагонға шығады
17 шілде күні Алматыда аралас жекпе-жектен ACA 205 турнирі өтеді.
Турнирдің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Муслим Магомедов (16-0) пен Эльмар Гасанов (12-1) ACA ұйымының жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін кездеседі. Қазіргі чемпион Магомедов өз титулын алғаш рет қорғайды.
Алматыдағы турнирде Қазақстан атынан Артем Резников, Дәурен Ермеков, Асылжан Бақытжанұлы, Бағдос Олжабай, Серік Разғалиев, Жасұлан Әкімжан және Ерасыл Шукатаев өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан