Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Қаршыға Дәуітбек Жапонияда қарсыласын нокаутқа жіберді

Қаршыға Дәуітбек Жапонияда қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық жартылай жеңіл салмақтағы файтер Қаршыға Дәуітбек Жапонияның Хиросима қаласында өткен Rizin FF – Landmark Vol. 15 турнирінде жапониялық Кехэй Хагивараны мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундтың өзінде аяқталды. Қаршыға қарсыласын нокаутқа жіберіп, кәсіби мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді.

Ал Кехэй Хагивара үшін бұл ММА-дегі 12-жеңілісі болды. Оның еншісінде 9 жеңіс бар.

Еске салайық, Қаршыға Дәуітбектің бұған дейінгі жекпе-жегі өткен жылдың 31 желтоқсанында Сайтама қаласында өткен болатын. Ол кезде қазақстандық файтер жапониялық Юта Кубомен кездескен. Алайда бірінші раундта Кубо кездейсоқ Дәуітбектің көзіне саусағын тигізіп алғандықтан, қазақстандық спортшы жекпе-жекті жалғастыра алмады. Соның салдарынан кездесу өтпеді деп танылды (no contest).


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан