21 сағат бұрын
Конор Макгрегор: Мен қайта ораламын
UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Лас-Вегаста өткен турнирде алған жарақатынан кейін өзіне қойылған диагнозды жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұған дейін ирландиялық файтер жекпе-жектің басында тізесін жарақаттап алып, Макс Холлоуэйден жеңілген болатын.
«Тізем зақымданған. Бұл Холлоуэймен алғашқы жекпе-жектегі жарақатыммен бірдей. Тек бұл жолы екінші аяғым. Қатты таңғалдым. Бірақ өткен жолы тоғыз айдың ішінде қайта октагонға оралдым. Қазір медицина да, жаттығу әдістері де әлдеқайда дамыған. Сондықтан келесі жазда қайта оралуым әбден мүмкін деп ойлаймын. Қазірдің өзінде балдақсыз жүрмін. Жеңіл жаттығуларды еш қиындықсыз жасап жүрмін. Дәрігерлердің болжамы өте жақсы.
Мен қатаң тәртіпті ұстанамын. Мүмкін, бұл мені одан да ауыр жағдайдан сақтап қалған шығар. Егер жеңіске жетіп, өзімді қайтадан бәрінен үстем сезінсем, оның соңы қалай боларын ешкім білмейді. Қолдау білдірген баршаңызға рақмет. Мен өзімді аман қалған адамдай сезінемін. Ең бастысы – денсаулықтың баға жетпес байлық екенін ешқашан ұмытпаңыздар», – деп жазды Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Конор Макгрегордың соңғы жекпе-жегі небәрі 1 минутқа ғана жалғасқан еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов