Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

Фаниль Рафиков ММА-ға қашан оралатынын айтты

Фаниль Рафиков ММА-ға қашан оралатынын айтты

Қазақстандық ММА шебері Фаниль «Ноғай» Рафиков омыртқасына жасалған операциядан кейін октагонға қашан оралатынын айтып, алдағы жоспарын бөлісті.

Спортшының айтуынша, толық қалпына келуге шамамен 5-6 ай қажет.

– Дәрігерлердің айтуынша, бәрі жақсы жазылып жатыр. Келер жылдың басында жекпе-жекке қайта ораламын деп ойлаймын. Оралғаннан кейінгі басты мақсатым – жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуді жеңіп алу. Менің есімім қарсыластарға да жақсы табыс пен танымалдық әкеледі, – деді Рафиков.

Айта кетейік, Фаниль Рафиков 8 тамызда Қытайда өтетін Naiza турнирінде бразилиялық Глейсон Тибаомен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда омыртқасына шұғыл операция жасалуына байланысты кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.



Біздің серіктес: Sport12kz