4 сағат бұрын
Азат Мақсұм жаңа келісімшартқа қол қойды
Қазақстандық файтер Азат Мақсұм NAIZA промоушенімен жаңа келісімшартқа қол қойды.
31 жастағы спортшы әлеуметтік желіде жарияланған видеода келісімге келгенін растап, келесі жекпе-жегінің NAIZA 85 турнирінде өтетінін айтты.
“Ассалаумағалейкум! Келісімшартқа қол қойылды. NAIZA 85 турнирінде күтіңіздер”, — деді Азат Мақсұм.
Бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық файтер қыркүйекте отандық промоушен октагонына қайта оралады.
Айта кетейік, АзаьМақсұмның жекпе-жегі 19 қыркүйекте Алматыда өтетін NAIZA 85 турнирінің бағдарламасына енгізілген. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.
Біздің серіктес: Sport12kz