16 сағат бұрын
Еркебұлан Тоқтардың бұрынғы қарсыласына қатысты сот үкімі шықты
Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтармен екі мәрте кездескен ресейлік поп-ММА өкілі Фарид Ядуллаевқа қатысты сот үкімі шықты.
Мәскеудегі Мещан аудандық соты 28 жастағы спортшыны ірі мөлшерде психотроптық зат сақтағаны үшін кінәлі деп тапты. Биыл мамырда ұсталған Ядуллаевтан 1,45 грамм амфетамин табылған.
Сотта спортшы кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Нәтижесінде оған 3 жыл 6 ай шартты жаза тағайындалып, төрт жыл сынақ мерзімі белгіленді.
Ядуллаев қазақстандық жанкүйерлерге Еркебұлан Тоқтармен болған жекпе-жектері арқылы танымал. 2023 жылы өткен алғашқы айқаста ресейлік файтер төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.
Ал 2024 жылғы реваншта Еркебұлан Тоқтар қарсыласын бірінші раундтың 47-секундында нокаутқа түсіріп, қарымта қайтарды.
Біздің серіктес: Sport12kz