3 сағат бұрын

Ислам Махачев Иэн Гэрриді жеңіп, титулын қорғады

Ислам Махачев Иэн Гэрриді жеңіп, титулын қорғады

Ислам Махачев UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ресейлік спортшы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғап, Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Үш төреші де Махачевтің жеңісін тіркеді — 49:46, 49:46, 48:47.

Осы жеңістен кейін Махачев UFC-дегі қатарынан 17-жеңісіне қол жеткізді. Осылайша ол ұйым тарихындағы жеңістер сериясы бойынша жаңа рекорд орнатты. Бұған дейін бұл көрсеткіш Андерсон Силваға тиесілі еді.

Махачев үшін бұл жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғаған жекпе-жегі болды. Оның кәсіби рекорды 29-1-ге жетті.



Біздің серіктес: Sport12kz