1 сағат бұрын
Ислам Махачев келесі жекпе-жегінің мерзімін атады
UFC-дің P4P рейтингіндегі көшбасшы Ислам Махачев келесі жекпе-жегін қашан өткізгісі келетінін айтты.
Махачев Иэн Гэрриді жеңгеннен кейінгі баспасөз мәслихатында келесі жекпе-жегін Рамазанға дейін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол 2026 жылдың соңына қарай октагонға қайта оралуға дайын болатынын айтты.
Еске салайық, UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде Махачев Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдігін алғаш рет қорғады.
Осы жеңісінен кейін ресейлік файтер UFC тарихында қатарынан 17 жеңіске жеткен алғашқы спортшылардың бірі ретінде жаңа жетістікке қол жеткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz