7 күн бұрын
Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?
ACA файтері Эдуард Вартанян UFC чемпионы Ислам Махачевтің келесі қарсыластарына болжам жасап, қазақстандық Шавкат Рахмоновқа үміткерлік жекпе-жекте украиналық Ярослав Амосовпен кездесуді ұсынды.
«Меніңше, алдымен Майкл Моралес, содан кейін Шавкат Рахмонов — Ярослав Амосов жұбының жеңімпазы болады. Басқа ешкімді көріп тұрған жоқпын. Габриэль Бонфим мен Шон Брэди секілді тағы бірнеше файтер бар. Солардың бірі болуы мүмкін. Исламның орта салмақта да чемпион болу жоспары жоқ деп ойлаймын. Одан да, Хабиб Нурмагомедовтан да мұндай жоспар естіген емеспін», — деді Вартанян.
16 тамызда UFC 330 турнирінде Ислам Махачев Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғады.
Ал Шавкат Рахмонов тізе буынындағы ауыр жарақатынан кейін ұзақ уақыт бойы қалпына келіп жатыр. «Номад» октагонға 2024 жылдың желтоқсанынан бері шыққан жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz