5 сағат бұрын
Қазақстандық UFC файтері Дана Уайттың шаш қиюына келісім берді
Қазақстандық UFC файтері Николай Веретенников журналист Джордан Стэнкоға берген сұхбатында бірнеше әзіл сұраққа жауап берді.
Сұхбат барысында одан келесі шаш үлгісін кімге сеніп тапсырар еді деген сұрақ қойылды: UFC президенті Дана Уайтқа ма, әлде келесі қарсыласына ма? Веретенников Дана Уайтты таңдады.
«Дананы таңдаймын. Ол менің басымды тақырлап қырып тастайды деп ойлаймын. Дайынмын, еш проблема жоқ», — деді қазақстандық файтер күлімсіреп.
Сонымен қатар оған тағы бір таңдау ұсынылды: Конор Макгрегордың он минуттық трэш-тогына шыдау немесе бір күнге әлеуметтік желілеріне Шон Стриклендке толық қолжетімділік беру. Веретенников бұл жолы Стриклендті таңдады.
«Стрикленд болсын. Жарайды, оған барлық ақпаратты беремін», — деді ол.
Николай Веретенников UFC-де алты жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен, төртінде жеңілген. Оның соңғы кездесуі мамыр айында UFC Fight Night 276 турнирінде өтті. Сол жекпе-жекте ол америкалық Калинн Уильямсқа техникалық нокаутпен есе жіберді.
Біздің серіктес: Sport12kz