4 күн бұрын
Асу Алмабаев RAF лигасында алғаш рет өнер көрсетеді
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев Real American Freestyle (RAF) лигасындағы алғашқы бәсекесін өткізеді.
Ол 22 тамызда Кливлендте өтетін RAF 12 турнирінде америкалық Джонни ДиДжулиуспен еркін күрес ережесі бойынша күш сынаспақ.
ДиДжулиус бұған дейін RAF-та үш белдесу өткізіп, Конор Бибті жеңген. Ал Пэт Луго мен Олимпиада чемпионы Владимир Хинчегашвилиден жеңілген.
Турнир АҚШ уақытымен 22 тамыз күні сағат 20:00-де басталады. Қазақстан уақыты бойынша Алмабаевтың белдесуі 23 тамызға қараған түні шамамен 05:00-ден кейін өтуі мүмкін.
Жарыс Кливлендтегі Rocket Arena кешенінде ұйымдастырылады.
Біздің серіктес: Sport12kz