3 күн бұрын
Шон Брэди Шавкат Рахмоновтың мансабын аяқтағанын айтты
UFC файтері Шон Брэди жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновтың октагонға қайта оралатынына күмән келтірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Меніңше, Шавкат сегізбұрышқа қайта оралмайды. Ол мансабын аяқтаған сияқты. Өйткені қайта оралуға тырысқан сайын тізесіне қатысты мәселелер қайта пайда болады. Ол толыққанды жаттығу жиынын өткізе алмай жүр. Менің тіземде ешқашан проблема болған емес, бірақ мұндай жарақаты бар адамдарды көрдім. Мұндай жарақаттар қайталана береді. Ал жаттығу жиыны — осы спорттың ең қиын бөлігі, — деді Брэди Даниэль Кормьемен бірге болған подкастта.
Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.
Қазақстандық файтер тізесіндегі жарақатына байланысты ұзақ уақыт октагонға шыққан жоқ. Осыған қарамастан, Рахмонов мансабын аяқтайтыны туралы ресми мәлімдеме жасаған емес.
Біздің серіктес: Sport12kz