Матч орталығы
Эредивизи Футбол ПСВ ПСВ 5:1 Аяқталды Гронинген Гронинген Премьер-лига Футбол Брайтон Брайтон 4:0 Аяқталды Астон Вилла Астон Вилла Лига 1 Футбол Анже Анже 0:2 Аяқталды Лилль Лилль Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 2:1 Аяқталды Борнмут Борнмут Германия кубогы Футбол Айнтрахт Брауншвейг Айнтрахт Брауншвейг 2:4 Аяқталды Унион Унион Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 2:2 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Эредивизи Футбол Камбюр Камбюр 2:5 Аяқталды Фейеноорд Фейеноорд Лига 1 Футбол Гавр Гавр 0:1 Аяқталды Монако Монако Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 2:2 Аяқталды Ливерпуль Ливерпуль Серия А Футбол Венеция Венеция 0:2 Аяқталды Лечче Лечче Серия А Футбол Фрозиноне Фрозиноне 0:1 Аяқталды Ювентус Ювентус Ла Лига Футбол Хетафе Хетафе 1:0 Аяқталды Расинг Расинг Суперлига Футбол Аланьяспор Аланьяспор 1:0 Аяқталды Бешикташ Бешикташ Лига 1 Футбол Ренн Ренн 2:2 Аяқталды ПСЖ ПСЖ Серия А Футбол Торино Торино 1:2 Аяқталды Милан Милан Серия А Футбол Аталанта Аталанта 2:1 Аяқталды Сассуоло Сассуоло Примейра-лига Футбол Порту Порту 0:0 64 Арока Арока Ла Лига Футбол Эльче Эльче 0:2 61 Барселона Барселона Монтеррей женщины Теннис Мая Джоинт Мая Джоинт 03:10 Бүгін Юлия Путинцева Юлия Путинцева Челленджер Аугсбург Теннис Денис Евсеев Денис Евсеев 13:30 Бүгін Святослав Гулин Святослав Гулин

3 күн бұрын

Шавкат Рахмонов UFC тарихындағы ең көп сынаққа тап болған файтерлердің бірі атанды

Шавкат Рахмонов UFC тарихындағы ең көп сынаққа тап болған файтерлердің бірі атанды

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов соңғы жылдары кездескен қиындықтарына байланысты ұйым тарихындағы жолы болмай жүрген спортшылардың бірі ретінде аталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

MMA Sucka басылымында журналист Адарш Оджха қазақстандық спортшының соңғы уақыттағы мансабына талдау жасап, оның қатарынан бірнеше ауыр сынаққа тап болғанын жазған.

Автордың пікірінше, Рахмоновтың жағдайы ерекше. Себебі кәсіби мансабында бірде-бір рет жеңілмеген спортшы соңғы екі жылға жуық уақытта тұрақты түрде октагонға шыға алмай жүр.

Шавкат соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізіп, Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген. Осы жеңістен кейін оның кәсіби рекорды 19-0 болды.

Алайда содан кейін қазақстандық файтердің мансабына жарақаттар кедергі келтірді. Алдымен аяғынан жарақат алған Рахмонов қайта оралуға дайындала бастаған кезде жаттығу барысында тағы да тізесіне қатысты мәселе туындады. Соның салдарынан оның чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігі кейінге шегерілді.

Журналист спортшының кәсіби мансабындағы қиындықтармен қатар, жеке өмірінде болған ауыр оқиғаларға да тоқталған.

Материалда Рахмонов пен жары Гүлайымның ажырасуына қатысты жария болған ақпараттар, сондай-ақ 2025 жылдың шілдесінде болған жол-көлік оқиғасы сөз етіледі. Сол кезде файтердің жұбайы мен баласы ауруханаға жеткізілген.

Бұдан бөлек, Рахмонов үшін ең ауыр сынақтардың бірі — әкесі Бақтыбай Алпамысовтың қайтыс болуы. Ол 2026 жылдың 2 тамызында 66 жасында өмірден өтті.

Оджханың пікірінше, қысқа уақыт ішінде мұншалықты көп қиындыққа тап болған UFC спортшысын атау қиын.

Қазір басты сұрақ — Шавкаттың октагонға қашан оралатыны және ұзақ үзілістен кейін бұрынғы деңгейіне қайта келе ала ма деген мәселе.

Қазақстандық файтердің бапкері әзірге нақты мерзімді атаған жоқ. Дегенмен қалпына келу процесі сәтті өтсе, Рахмонов 2027 жылдың ақпанында жекпе-жек өткізуге дайын болуы мүмкін.

Автордың айтуынша, Шавкат 2025 жылы чемпиондық белбеу үшін таласуы тиіс еді. Алайда жарақаттар оның жоспарларын өзгертіп, уақытын негізінен қалпына келуге жұмсауына тура келді.


Біздің серіктес: Sport12kz