2 күн бұрын
Асу Алмабаев жекпе-жек алдындағы дуэль өткізді
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев АҚШ-тың Кливленд қаласында өтетін еркін күрестен RAF 12 турнирі алдындағы дәстүрлі көз арбасу рәсіміне қатысты.
Қазақстандық спортшы америкалық Джонни ДиДжулиуспен жекпе-жек алдында бетпе-бет келіп, қарсыласымен көз арбасты.
Алмабаев үшін бұл жекпе-жек Real American Freestyle лигасындағы дебют болады.
Ал Джонни ДиДжулиус RAF турнирлерінде бұған дейін үш рет өнер көрсеткен. Ол америкалық Конор Бибті жеңіп, мексикалық Пат Луго мен грузиялық Владимир Хинчегашвилиден жеңілген.
RAF 12 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде грузиялық Мераб Двалишвили мен америкалық Генри Сехудо кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz