17 сағат бұрын
Асу Алмабаев жекпе-жегін 88 секундта аяқтады
Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев Real American Freestyle (RAF) лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Кливлендте (АҚШ) өткен RAF 12 турнирінде Алмабаев америкалық Джонни ДиДжулиуспен кездесіп, бірінші раундтың 88-секундында 0:10 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, қазақстандық балуан RAF лигасындағы дебютін сәтсіз аяқтады. Ал ДиДжулиус ұйымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол америкалық Конор Бибті жеңген еді.
Еске салайық, RAF 12 турнирінің басты жекпе-жегінде грузиялық Мераб Двалишвили мен америкалық Генри Сехудо реванш өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz