2 сағат бұрын
Бүгін Еркебұлан Тоқтар мен Исроилов жұдырықтасады
28 тамызда Астанада IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирі аясында қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар (11-3) өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен (1-0) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тоқтар — Исроилов жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен шамамен 19:40-та басталады. Кездесуді осы жаңалықтан тікелей эфирде көруге болады.
Жекпе-жек суперорта салмақта кәсіби бокс ережесі бойынша өтеді. Тоқтардың кәсіпқой бокстағы рекорды — 2-0, 2 нокаут, ал Исроиловтың көрсеткіші — 1-0, 1 нокаут.
Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізіп, өзбекстандық Тимур Никулинді (9-2-2, 4 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңген.
Ал Бобиржон Исроилов та кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін желтоқсанда өткізіп, отандасы Сирожиддин Уразалиевті (0-11) бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңген.
Біздің серіктес: Sport12kz