Матч орталығы

39 минут бұрын

Қазақстандық ММА шебері Open FC-де чемпион атанды

Қазақстандық ММА шебері Open FC-де чемпион атанды

Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Медғат Жақыпбек Санкт-Петербургте өткен Open FC 68 турнирінде жеңіске жетіп, орта салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуді иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.

28 жастағы қазақстандық бес раундқа созылған жекпе-жекте ресейлік Владислав Фокинді төрешілердің бөлінген шешімімен жеңді.

Жақыпбек бұл жекпе-жекке қысқа мерзімде келісіп, чемпиондық белбеу үшін октагонға шыққан.

Осы жеңістен кейін қазақстандық спортшының кәсіби ММА-дағы рекорды 5 жеңіс және 2 жеңіліс болды. Ал Фокин мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Оның еншісінде жеті жеңіс бар.



Біздің серіктес: Sport12kz