18.09.2026
UFC 331: чемпиондық белбеу сарапқа салынады
19-нан 20 қыркүйекке қараған түні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында UFC 331 аралас жекпе-жек кеші өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде Джошуа Ван (17-2) мен Алешандре Пантожа (30-6) реванш өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирдің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де басталады. Негізгі кард 06:00-де басталса, Ван – Пантожа 2 басты жекпе-жегі шамамен 07:20-да өтеді. Турнирдегі барлық жекпе-жекті UFC-дің ресми сайтынан тамашалауға болады.
Еске салайық, Джошуа Ван мен Алешандре Пантожаның алғашқы жекпе-жегі желтоқсан айында өткен. Кездесу небәрі 26 секундқа созылды. Бразилиялық спортшы құлаған кезде жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде Ван мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.
Реваншқа Джошуа Ван UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы ретінде келеді. Ал Пантожа осы салмақтағы рейтингте бірінші орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz