19.09.2026

Қайтадан UFC-ге оралуға дайынмын — Азат Мақсұм

Қайтадан UFC-ге оралуға дайынмын — Азат Мақсұм

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм алдағы жоспары туралы айтты. Ол болашақта UFC-ге қайта оралуды көздеп отыр.

«Алдағы уақытта басқа лигада шығып өнер көрсетіп, белбеу алуғым келеді. Оған менің күшім жетеді. UFC болсын, басқасына да қайта оралуға дайынмын. Сондай-ақ жаңа салмаққа бейімделу қиынға соққан жоқ. 61 келіде өзімді жақсы сезінемін», — деді Азат Мақсұм.

Айта кетейік, Азат Мақсұм UFC сапында 2023-2025 жылдар аралығында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы ұйымдағы төрт жекпе-жектің бірінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген. Соңғы жекпе-жегінде Митч Рапозодан төрешілердің бірауызды шешімімен ұтылды. Осыдан кейін ол UFC-дегі келісімшартын тоқтатты.

Азат Мақсұм бұрын 56,7 келіде өнер көрсетсе қазіргі таңда 61 келіге ауысты.



Біздің серіктес: Sport12kz