19.09.2026
Жұман Жұмабеков Naiza 85 турнирінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық ММА файтері Жұман Жұмабеков Алматыда өткен Naiza 85 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Жеңіл салмақта өнер көрсеткен Жұмабеков үндістандық Ажармен жекпе-жек өткізді. Үш раундқа жоспарланған айқас бірінші раундта аяқталып, қазақстандық спортшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Бұл жеңістен кейін Жұман Жұмабековтің кәсіби рекорды 18 жеңіс пен 8 жеңіліске жетті. Бұл Ажардығ мансабындағы жетінші жеңілісі.
Осылайша, Жұмабеков қатарынан бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол соңғы рет 2024 жылдың ақпанында бразилиялық Вандерлей Жуниордан жеңілген.
Біздің серіктес: Sport12kz