23.09.2026
Александр Мухамедиев стенд атудан Азиада финалына жолдама алды
Қазақстандық спортшылар Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында стенд атудан жарысқа қатысты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы сапында Александр Мухамедиев, Давид Почивалов және Артем Седельников өнер көрсетті.
Жеке жарыстың іріктеу кезеңінде Александр Мухамедиев 119 ұпай жинап, алтыншы орынмен финалға жолдама алды.
Іріктеу кезеңінің нәтижелері командалық есепке де енгізілді. Қазақстан құрамасы 346 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.
Біздің серіктес: Sport12kz