24.09.2026
Александр Волков UFC титулы үшін жекпе-жекке лайық деп танылды
ACA-ның жеңіл салмақтағы чемпиондық атағына үміткер Махарбек Каргинов Александр Волков пен Сергей Павловичтің орнына Джош Хокиттің UFC чемпионы Сирил Ганға қарсы жекпе-жекке үміткер болғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бұл ММА-дағы медиялық фактордың әсері. Хокит медиада өзін жақсы танытып, айналасында үлкен шу қалыптастырды. Оның жарнама жасау тәсілін қолдамаймын, бірақ спорттық нәтижелері де болса, бірнеше сатыны аттап өтуге болады. Волков титулдық жекпе-жекке лайықтырақ үміткер. Ол Павловичтен және басқалардың бәрінен лайықтырақ. Ганмен Волков жұдырықтасуы керек еді. Бірақ бұл ойынның бір бөлігі. Егер өзіңді медиада дұрыс таныта алмасаң, осындай жағдайға тап болуың мүмкін», — деді Каргинов.
Айта кетейік, Сирил Ган мен Джош Хокит 15 қарашаға қараған түні Нью-Йоркте өтетін UFC 334 турнирінің басты жекпе-жегін өткізеді.
Франциялық Ганның рекорды — 14 жеңіс, екі жеңіліс және бір жекпе-жегі өтпеді деп танылған. Ал америкалық Хокиттің қоржынында 10 жеңіс бар, жеңілісі жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz