01.10.2026

Қазақстандық файтер Alash Pride турнирінде нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Alash Pride турнирінде нокаутпен жеңіске жетті

Шымкентте өткен Alash Pride 132 аралас жекпе-жек турнирінің басты кездесуінде қазақстандық Бекзат Жасия (7-1) қырғызстандық Арген Маратбек уулумен (18-14) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жекпе-жекте Alash Pride лигасының жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынды. Бұл титул Бекзат Жасияға тиесілі еді.

Бес раундқа жоспарланған кездесу бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық спортшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Осылайша, Бекзат Жасия кәсіби ММА мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ал Арген Маратбек уулу мансабындағы 15-ші жеңілісіне ұшырады.

Жекпе-жектің видеосын төменнен көруге болады.



Біздің серіктес: Sport12kz