4 күн бұрын

UFC 332 турнирінің басты жекпе-жегінде жаңа чемпион анықталды

UFC 332 турнирінің басты жекпе-жегінде жаңа чемпион анықталды

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында UFC 332 турнирінің басты жекпе-жегі өтті. Онда бразилиялық Наталия Силва (21-5-1) Қытай өкілі Ван Цунмен (10-2) кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жекпе-жекте UFC-нің әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуі сарапқа салынды. Бес раундқа созылған айқас Силваның төрешілердің бірауызды шешімімен жеңісімен аяқталды — 48:47, 48:47, 49:46.

Осылайша, Наталия Силва UFC-нің жаңа чемпионы атанды.

29 жастағы бразилиялық үшін бұл қатарынан 15-жеңіс болды. Силва UFC-дегі жеңіліссіз сериясын жалғастырып, октагондағы тоғызыншы жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Ал Ван Цун кәсіби мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, осы турнир аясында ресейлік орта салмақтағы Роман Копылов (16-5-0) Атеба Готьені (11-2-0) бірінші раундтың 3:12 минутында техникалық нокаутпен сенсациялық түрде жеңген болатын.



Біздің серіктес: Sport12kz