3 сағат бұрын
Ешкім танымайтын қарсылас үшін салмақ қумаймын — Жалғас Жұмағұлов
Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов жекпе-жекке қайта шығуға дайын екенін мәлімдеді. Алайда 38 жастағы спортшы Oktagon промоушенінен мықты әрі танымал қарсылас күтетінін айтты.
Жұмағұлов бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, 56 келіге дейін салмақ қууға кез келген қарсылас үшін дайын емес.
«Мен жекпе-жекке дайынмын. Oktagon, енді бір ғана сұрақ бар: кіммен? Ешкім танымайтын кездейсоқ қарсыласпен жекпе-жек үшін 56 келіге дейін салмақ қууға өзімді қинағым келмейді. Севериноның жекпе-жегі бар. Маған аты шыққан қарсылас беріңіздер, нағыз сын болсын – сонда октагонға шығамын. Маған маңызы бар жекпе-жектер керек», – деді қазақстандық файтер.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұловтың кәсіби ММА-дағы рекорды – 19 жеңіс және 9 жеңіліс.
Біздің серіктес: Sport12kz