10.03.2026
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының финалына шықты
Милан-Кортина қысқы Паралимпиада ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін пара шаңғы жарысынан Ербол Хамитов 1500 м классикалық спринт дисциплинасын (LW12) 2 минут 38 секунд уақытта өтіп, жарыстың финалына шықты.
Финалдық бәсеке Астана уақытымен сағат 17:29-да басталады.
Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз биатлон сайысында да сынға түскен еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов