Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

15.03.2026

Бүгін қысқы Паралимпиада соңғы жарыс күні өтеді

Бүгін қысқы Паралимпиада соңғы жарыс күні өтеді

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Италияның Милан, Кортине-д’Ампеццо қалаларында 14-ші қысқы Паралимпиада ойындарының соңғы жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ел құрамасынан спортшылар үш сайыс түрінде сынға түседі.

Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғап жатыр. Биылғы дүбірлі додада Қазақстан құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша сынға түседі. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы бақ сынап жатыр. Олардың қатарында Ербол Хамитов, Нұрлан Әлімов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев және Анна Грачева бар.

13:15 – Пара шаңғы жарысы. Жеке жарыс, 20 км. Ерлер, отыратындар (Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин)

14:30 – Пара шаңғы жарысы. Жеке жарыс, 20 км. Ерлер, тұратындар (Александр Герлиц, Владислав Кобаль, Нурлан Алимов)

15:45 – Пара шаңғы жарысы. Жеке жарыс, 20 км. Көзі нашар көретін әйелдер (Анна Грачова).

Еске салсақ, бұдан бұрын Ербол Хамитовтің алтын медалінен кейін Паралимпиадада Қазақстан құрамасы 18-орынға көтерілді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан