26.03.2026
Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ербол Хамитовқа пәтер кілті табысталады
«Grand Building Group» ЖШС құрылыс компаниясы пара биатлоннан XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ербол Хамитовқа Астана қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстайды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ербол Хамитов Милан-Кортина-2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан 4,5 км қашықтықта із қуу дисциплинасында жеңімпаз, ал шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дистанциясында қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, қысқы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында Италияда өтті. Жарысқа 55 елден 600-ден аса спортшы қатысты. Олар пара биатлон, пара шаңғы жарысы, пара хоккей, арбадағы кёрлинг, тау шаңғысы, пара сноуборд спорт түрлері бойынша 79 медаль жиынтығын сарапқа салды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов