1 күн бұрын
Әлем чемпионына Қарағандыда пәтер берілді
Қазақстандық ауыр атлет Артем Антроповқа пәтер кілті табысталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Қарағанды қаласында өтті.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, спортшылардың еңбегі мен жетістіктерін жоғары бағалау, сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсету – олардың жаңа жеңістерге деген ынтасын арттырып, жас буынды спортқа тартуға серпін береді.
Артем Антропов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Ол ел чемпионы және рекордшысы, жастар арасындағы Азия чемпионы, жастар және ересектер арасында әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ Қазақстанның Олимпиадалық құрамасының мүшесі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан