4 сағат бұрын
Токиодағы Сурдлимпиада жүлдегерлеріне сыйақы берілді
Қазақстанда 2025 жылы Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен бапкерлеріне қаржылай сыйақы төленді.
Министрлік мәліметіне сәйкес, мемлекеттік қордан шамамен 5,5 миллиард теңге бөлінген. Төлем 32 спортшы мен 42 бапкерге берілді.
Қолданыстағы ережеге сай, алтын медаль иегерлеріне 130 млн теңге, күміс жүлдегерлерге 78 млн теңге, қола медаль алғандарға 39 млн теңге қарастырылған. 4–6 орын иеленген спортшылар 2,5 млн-нан 15 млн теңгеге дейін сыйақы алған.
Айта кетейік, Токиода өткен Сурдлимпиадаға 81 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінде сынға түсіп, жалпыкомандалық есепте 9-орын алып, 25 медаль (8 алтын, 4 күміс, 13 қола) жеңіп алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан