Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстандық олимпиадашылар мектеп оқушыларымен жүздесті

Қазақстандық олимпиадашылар мектеп оқушыларымен жүздесті

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық олимпиадашылар елдің әр өңіріндегі мектеп оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Іс-шаралар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бірлескен білім беру бастамасы аясында ұйымдастырылды.

Халықаралық Олимпиада күніне орай өткен ашық сабақтарда танымал спортшылар өздерінің спорттағы жолы, қиындықтарды еңсерудегі тәжірибесі және жоғары нәтижеге жетудің қыр-сыры туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ олимпиадалық сабақ барысында оқушыларға Қазақстан ҰОК Олимпиада қозғалысының тарихына арналған арнайы таныстырылымы ұсынылды. Презентация кезінде оқушыларға Олимпиада ойындарының пайда болу тарихы, алғашқы жарыстардан бүгінгі күнге дейінгі Олимпиада қозғалысының дамуы, сондай-ақ, ел спортының өркендеуіне үлес қосып, халықаралық ареналарда Қазақстанның мерейін асырған даңқты отандық олимпиадашылар жайлы мәлімет берілді.

Астанадағы кездесу Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде өтті. Олимпиадалық сабаққа бокстан Қазақстан құрамасының өкілі, әлем чемпионы Валентина Хальзова қатысты. Спортшы халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындықтың ерекшеліктері туралы айтып, табысқа жетудегі тәртіп пен психологиялық тұрақтылықтың маңызын атап өтті.

“Қатарда спортшылармен болатын кездесулер балаларға әрдайым ерекше әсер беріп, мақсаттарына басқа қырынан қарауға көмектеседі деп ойлаймын. Біз өз тәжірибемізбен бөлісіп, үлкен жетістіктің бәрі еңбек етуден және алғашқы қиындықтардан кейін тоқтамаудан басталатынын көрсете аламыз. Себебі спорт тек медаль мен жарыс қана емес. Бұл - күн сайынғы еңбек, тәртіп және қиын сәттерді еңсере білу,” - деді Валентина Хальзова.

Ал Алматыда олимпиадашылардың кездесуі екі мектепте ұйымдастырылды. №15 гимназияда оқушылармен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының мүшесі Александра Ле жүздесті. Ал №159 гимназияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары, биатлоншылар Әсет Дүйсенов пен Айша Ракишева оқушылармен әңгімелесті. Спортшылар қысқы спорт түрлеріндегі дайындықтың ерекшеліктері мен психологиялық төзімділіктің рөлі туралы айтты.

Шымкент қаласындағы №23 мектеп-лицей мен №144 жалпы орта білім беретін мектепте фристайл-акробатика өкілдері олимпиадалық сабақ өткізді. Оқушылар алдында 2025 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Шерзод Хаширбаев пен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері Асан Асылхан сөз сөйледі. Спортшылар мінездің беріктігі, жүйелі еңбек пен жауапкершіліктің маңызына тоқталды. Сонымен қатар олар экстремалды спорттағы қиындықтар мен мансап жолының басында қорқынышты қалай жеңгендерін баяндады.

Түркістандағы №17 мектеп-гимназиясының оқушылары 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан ескекшілер Бекарыс Раматулла және Руфина Искаковамен кездесті. Спортшылар байдарка мен каноэде есу спортындағы дайындық ерекшеліктері туралы айтып, командалық бірлік, төзімділік және қашықтық бойы зейінді шоғырландыра білудің маңызын түсіндірді.

Айта кетейік, бұл жоба Қазақстан ҰОК-нің олимпиадалық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жүйелі жұмысы аясында жүзеге асырылуда. Жоба арқылы оқушылар қазақ спортының тарихымен танысып, белгілі спортшылармен жүздесуге мүмкіндік алады.

Тақырыптық олимпиадалық сабақтар Қазақстанда екінші рет өткізілді. 2025 жылы өз оқиғаларымен жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, 2018 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, фристайл-акробатикадан Азия ойындарының қола жүлдегері Аяна Жолдас, 2018 жылғы Олимпиада қатысушысы, мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова, байдарка мен каноэде есуден 2016 жылғы Олимпиада қатысушысы әрі 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Илья Голендов, сондай-ақ, әртістік жүзуден екі дүркін Олимпиада қатысушысы Александра Немич бөліскен болатын.

Еске салсақ, бұдан бұрын Токиодағы Сурдлимпиада жүлдегерлеріне сыйақы берілді.

https://sport12.kz/olympics/20334-tokiodagy-surdlimpiada-zhuldegerlerine-syiaqy-berildi/


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан