2 күн бұрын
Михаил Шайдоров: 2017 жылы Қазақстан чемпионатында төрешілер әділетсіздік жасады
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қазақстан чемпионатына қатысқан сәттегі жайтты еске түсірді, деп хабарлайды Sport12.kz
Шайдоровтың айтуынша, ол бала кезінен мәнерлеп сырғанаумен айналысса да, жаттығу үдерісінде қиындықтар аз болмаған.
«Мәнерлеп сырғанаумен бала кезден айналыссам да, мұз айдынына барғым келмейтін сәттер өте аз болды. Маған бір спортпен ұзақ айналысқан емес, мұз айдынының жетіспеушілігі үлкен мәселе болатын. Кейін Ресейде Александр Урмановтың қол астына барғанымда бұл мәселе шешіліп, бір жылдың ішінде шеберлігімді айтарлықтай арттырдым. Бастапқыда 2 айналымдық аксель орындасам, кейін бір жыл ішінде 3 айналымдық элементтердің барлығын орындай бастадым», – деді ол.
Спортшы 2017 жылғы Қазақстан чемпионатында болған жағдайға да тоқталды.
«2017 жылы Қазақстан чемпионатында төрешілер әділетсіздік жасады. Мен күрделі элементтерді орындасам да, тек 3-орынға тұрақтадым. Бұл сәт маған қатты әсер етті. Оның үстіне мені ел біріншілігіне қатыстырмауға тырысқандар да болды. Бірақ соңғы сәтте Алматы қаласынан Алматы облысына ауысып, бәрібір жарысқа қатыстым», – деп еске алды Шайдоров.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров Қазақстанға қысқы Олимпиададан 32 жыл үзілістен кейін алтын медаль әкелген спортшы ретінде тарихта қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов