2 сағат бұрын
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың мұз айдынына қашан оралатыны белгілі
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 11 шілде күні Арменияның Ереван қаласында өтетін мұз айдынындағы шоу-бағдарламаға қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz
Шоу Карен Демирчян атындағы спорт-концерт кешені мұз аренасында өтеді.
Жобаға бірқатар танымал мәнерлеп сырғанаушылар қатысады. Олардың қатарында ресейлік Аделия Петросян, Артур Даниелян, жүргізушілердің бірі болатын Евгения Медведева, француз дуэті Лоранс Фурнье-Бодри мен Гийом Сизерон, бельгиялық Луна Хендрикс, грузиялық спортшылар Анастасия Метелкина және Лука Берулава, сондай-ақ эстондық Нина Петрыкина және басқа да спортшылар бар.
Арнайы қонақ ретінде композитор әрі скрипкашы Эдгар Акопян шақырылған. Жобаның продюсері — Ари Закарян.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов