6 сағат бұрын
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров уәдесін орындап, балаларға сый табыстады
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыдағы жас спортшыларды қуантты.
Михаил Шайдоров Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын тәрбиеленушілерге арнайы сертификаттар табыстады.
Бұған дейін Шайдоров Туризм және спорт министрлігімен арадағы келісімшарт мәселесі оң шешімін тапса, бірнеше ай бойы ала алмай жүрген қаржысын балалар спортына бағыттайтынын мәлімдеген еді. Кейін тараптар ортақ мәмілеге келіп, жаңа келісімге қойды.
Спортшының айтуынша, жас буынға қолдау көрсету оның басты мақсаттарының бірі.
“Балалардың қуанышын көру – мен үшін үлкен мәртебе. Осындай бастаманың жүзеге асуына үлес қосқан азаматтарға алғыс білдіремін. Болашақта да мәнерлеп сырғанаумен айналысатын балаларға қолдау көрсетуді жалғастырамын”, – деді Шайдоров.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасында топ жарып, Қазақстанға 32 жылдан тарихи алтын жүлде ел қоржынына салған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан