Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.06.2026

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров АҚШ-қа кетті

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров АҚШ-қа кетті

Милан Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жаңа маусымға дайындық аясында АҚШ-қа жол тартты.

21 жастағы спортшы алдағы жарыстарға әзірлікті бастап, Америкада әлемге танымал бапкер Рафаэль Арутюнянмен кездеседі. Тараптар жаңа маусымға арналған бағдарламаны пысықтап, жаттығу жоспарын жасайды.

Айта кетейік, Рафаэль Арутюнян әлемдік мәнерлеп сырғанауда үлкен із қалдырған тәжірибелі маман. Ол әр жылдары көптеген атақты спортшыларды жаттықтырып, қазіргі уақытта Калифорнияда қызмет атқарады.

Сапар кезінде Михаил Шайдоров белгілі хореограф Ше-Линн Бурнмен де бірлесіп жұмыс істемек. Канадалық маман қазақстандық спортшы үшін жаңа бағдарлама дайындайды. Ше-Линн Бурн әлемдік мәнерлеп сырғанаудағы ең беделді хореографтардың бірі.

Ол Олимпиада жүлдегерлері мен әлем чемпиондарының көптеген бағдарламаларының авторы.

Михаил Шайдороа Милан Олимпиадасында топ жарып, Қазақстанға 32 жылдан кейін тарихи алтын сыйлаған еді


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан