2 сағат бұрын
Астанада Халықаралық Олимпиада күніне волейбол турнирі өтті
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан астанасында Халықаралық Олимпиада күніне арналған “Diplomatic Corps & International Organizations Volleyball Cup-2026” волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мерекелік іс-шара шетелдік дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдерін біріктірді. Турнирді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен “Астана” дипломатиялық клубы ұйымдастырды.
Жарыс Олимпиадалық қозғалыс құндылықтарын насихаттауға, достық байланыстарды нығайтуға және спорттық дипломатияны дамытуға бағытталды.
Турнирге жалпы саны 68 қатысушы қатысып, сегіз команда құрылды. Арнайы жарыста дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар және мемлекеттік құрылым өкілдері бақ сынады. Олардың қатарында Қазақстандағы Молдова Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Игорь Молдован, Қазақстандағы Швейцария Елшісі Джорджо Помпилио, Қасиетті Тақ дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары монсеньор Винченцо Маринелли, БҰҰ агенттіктерінің қызметкерлері, сондай-ақ Қытай, Италия, Ресей, АҚШ елшіліктері мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің командалары болды.
«Халықаралық Олимпиада күні Олимпиадалық қозғалыстың басты идеясын еске салады – спорт баршаға қолжетімді. Бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар әртүрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі адамдардың қозғалыстың және ортақ мерекенің бір бөлігі болуына мүмкіндік береді», – деді Қазақстан ҰОК Бас директоры Нұрлан Ноғербек.
Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада күні 1894 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің құрылған күніне орай жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жаңа маусымдағы жарыс кестесі жарияланды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан