4 сағат бұрын
18 жастағы қазақстандық спортшы әлемдік желіде кеңінен танылды
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Өскеменнен шыққан 18 жастағы биіктікке секіруші Жасмин Бегалинова әлеуметтік желіде кеңінен танылды. Спортшы туралы жарияланған суреттерден кейін оған шетелдік жанкүйерлер арнап аниме стилінде қысқа бейнеролик жасап, ол желіде үлкен қызығушылық тудырды.
Аталған бейнеролик жарты миллионнан астам қаралым жинап, түрлі елдердегі көрермендердің назарын аударды. Көпшілік жас спортшыға сәттілік тілеп, оның Олимпиада ойындарында топ жаруына тілектестік білдірді.
Жасминнің танымалдығы Қазақстан чемпионатындағы жарыстан кейін түсірілген фотосуреттер тараған соң артқан. Әлеуметтік желі қолданушылары оның спорттағы нәтижесімен қатар сырт келбетіне де назар аударып, жазбаларын бөлісе бастаған.
Спортшы өз кезегінде мұндай қолдауға таң қалғанын, бірақ қуанышты екенін айтады. Оның пікірінше, шетелдік аудиторияның қызығушылығы Қазақстан туралы оң көзқарастың қалыптасуына ықпал етіп отыр.
Көптеген ұсыныс түссе де, Жасмин Бегалинова спорттық жолдан бас тартпайтынын жеткізді. Оның негізгі мақсаты – халықаралық додаларда ел намысын қорғап, Олимпиада ойындарына жолдама алу
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан